Фаспик в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению фаспика в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток фаспика, взаимодействие с другими лекарствами, применение фаспика (таблетки) при беременности. Инструкции: Фаспик в гранулах;
Торговое название: Фаспик
Международное название: Ибупрофен
Лекарственная форма: Таблетки, покрытые оболочкой, 400 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
M Средства, влияющие на опорно-двигательный аппарат
M01 Противовоспалительные и противоревматические средства
M01A Нестероидные противовоспалительные и противоревматические средства
M01A E Производные пропионовой кислоты
Фарм. группа:
Нестероидные противовоспалительные препараты. Производные пропионовой кислоты. Код АТС М01АЕ01
Условия хранения:
Хранить при температуре не выше 25 ºС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки в форме капсулы, покрытые оболочкой с риской на одной стороне, белого цвета

Состав фаспика в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетканың құрамында

Активное вещество фаспика

ибупрофен 400 мг
400 мг ибупрофен

Вспомогательные вещества в фаспике

L-аргинин, натрия гидрокарбонат, кроспо-видон, магния стеарат. Оболочка: гипромеллоза (Метоцел 5сР), сукроза, титана диоксид, макрогол 4000
L-аргинин, натрий гидрокарбонаты, кросповидон, магний стеараты. Қабығы: гипромеллоза (Метоцел 5сР), сукроза, титанның қостотығы, макрогол 4000.

Показания к применению таблеток фаспика

  • болевой синдром различной этиологии: боль в горле, головная боль, мигрень, зубная боль, боль после удаления зуба, невралгия, костно-суставная и мышечная боли, послеоперационные боли, посттравма-тические боли, альгодисменорея
  • лихорадочный синдром при гриппе, «простудных» и других инфекционно-воспалительных заболеваниях
  • воспалительные и дегенеративные заболевания суставов и позвоночника (в т.ч. ревматоидный артрит, анкилозирующий спондилит)
  • әртүрлі этиологиядағы ауыру синдромында: тамақтың ауыруы, бас ауыру, бас сақинасы, тіс ауыру, тіс жұлудан кейінгі ауыру, невралгия, сүйек-буын және бұлшықет ауырулары, операциядан кейінгі ауырулар, жарақаттан кейінгі ауырулар, альгодисменореяда
  • тұмау кезіндегі қызба синдромы, “суық тию” және басқа жұқпалы-қабыну ауруларында
  • буындар мен омыртқаның қабыну және дегенаративтік ауруларында (соның ішінде ревматоидтық артрит, шорбуынданатын спондилит)

Противопоказания фаспика в таблетках

  • гиперчувствительность к любому из ингредиентов, входящих в состав препарата
  • эрозивно-язвенные заболевания органов желудочно-кишечного тракта (ЖКТ) (в т.ч. язвенная болезнь желудка и 12-перстной кишки в стадии обострения, язвенный колит, пептическая язва, болезнь Крона)
  • дефицит глюкозо-6-фосфатдегидрогеназы
  • заболевания зрительного нерва, нарушение цветового зрения, амблиопия, скотома
  • снижение слуха, патология вестибулярного аппарата
  • сердечная недостаточность
  • полное или неполное сочетание бронхиальной астмы, рецидивирующего полипоза носа и околоносовых пазух и непереносимости ацетилсалициловой кислоты или других НПВП (в т.ч. в анамнезе)
  • нарушения свертывания крови (в т.ч. гемофилия, удлинение времени кровотечения, склонность к кровотечениям, геморрагический диатез)
  • активное желудочно-кишечное кровотечение
  • тяжёлая почечная недостаточность (клиренс креатинина менее 30 мл/мин)
  • прогрессирующие заболевания почек
  • тяжелое течение артериальной гипертензии
  • тяжелая печеночная недостаточность или активное заболевание печени
  • состояние после проведения аортокоронарного шунтирования
  • подтверждённая гиперкалиемия
  • воспалительные заболевания кишечника
  • беременность и период грудного вскармливания
  • детский возраст до 12 лет.
Относительные противопоказания:
  • пожилой возраст
  • язвенная болезнь желудка и двенадцатиперстной кишки (в анамнезе), гастрит, энтерит, колит
  • заболевание крови неясной этиологии (лейкопейния и анемия)
  • препарат құрамына кіретін ингредиенттердің кез-келгеніне асқын сезімталдық
  • асқазан-ішек жолы мүшелерінің эрозиялы-ойық жаралы аурулары (соның ішінде асқазан мен 12-елі ішектің өршу сатысындағы ойық жаралы ауруы, ойық жаралы колит, пептикалық ойық жара, Крон ауруы)
  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
  • көру жүйкесінің аурулары, түстерді танудың нашарлауы, амблиопия, скотома
  • естудің кемуі, вестибулярлық аппарат патологиясы
  • жүрек жеткіліксіздігі
  • толық немесе толық емес бронх демікпесінің, қайталанған мұрын мен мұрын маңындағы қойнаулар полипозының және ацетилсалицил қышқылын немесе басқа ҚҚСП-ны көтере алмаудың (сыртартқыдағы) қосылуы
  • қан ұюының бұзылулары (соның ішінде гемофилия, қан кету уақытының ұзаруы, қан кетулерге бейімділік, гемморрагиялық диатез
  • асқазан-ішектен белсенді қан кету
  • ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден аз)
  • бүйректің үдемелі аурулары
  • артериялық гипертензияның ауыр ағымы
  • бауырдың ауыр жеткіліксіздігі немесе белсенді бауыр ауруы
  • аортокоронарлы шунттау жүргізілгеннен кейінгі жай-күй
  • расталған гиперкалиемия
  • ішектің қабыну аурулары
  • жүктілік және емшек емізу кезеңінде
  • 12 жасқа дейінгі балалар жасы.
Салыстырмалы қарсы көрсетілімдері:
  • егде жас
  • асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауыруы (сыртартқыда), гастрит, энтерит, колит
  • этиологиясы белгісіз қан ауруы (лейкопения мен анемия)

Побочные действия таблеток фаспика

  • НПВП-гастропатия (тошнота, рвота, боль в животе, изжога, снижение аппетита, диарея, запор, метеоризм, боль и дискомфорт в эпигастральной области), эрозивно-язвенные поражения слизистой оболочки ЖКТ (в ряде случаев осложняются перфорацией и кровотечениями); раздражение, сухость слизистой оболочки полости рта или боль во рту, изъязвление слизистой оболочки десен, афтозный стоматит, панкреатит, гепатит, повышение активности печеночных трансаминаз
  • одышка, бронхоспазм
  • снижение слуха, звон или шум в ушах, обратимый токсический неврит зрительного нерва, нечеткость зрительного восприятия или диплопия, сухость и раздражение глаз, отек конъюнктивы и век (аллергического генеза), скотома
  • головная боль, головокружение, бессонница, тревожность, нервозность и раздражительность, психомоторное возбуждение, сонливость, депрессии, спутанность сознания, галлюцинации, редко - асептический менингит (чаще у пациентов с аутоиммунными заболеваниями)
  • развитие или усугубление сердечной недостаточности, тахикардия, повышение артериального давления
  • острая почечная недостаточность, аллергический нефрит, нефротический синдром (отеки), полиурия, цистит
  • кожная сыпь (обычно эритематозная, крапивница), кожный зуд, ангионевротический отек, анафилактоидные реакции, анафилактический шок, бронхоспазм, лихорадка, мультиформная экссудативная эритема (в т.ч. синдром Стивенса-Джонсона), токсический эпидермальный некролиз (синдром Лайелла), эозинофилия, аллергический ринит
  • анемия (в т.ч. гемолитическая, апластическая), тромбоцитопения и тромбоцитопеническая пурпура, агранулоцитоз, лейкопения, увеличение времени кровотечения
  • гипогликемия
  • кровотечения (желудочно-кишечные, десневые, маточные, геморроидальные)
  • нарушение зрения (нарушения цветового зрения, скотома, амблиопия)
  • ҚҚСП-гастропатия (жүрек айну, құсу, іштің ауыруы, қыжыл, тәбеттің төмендеуі, диарея, іш қату, метеоризм, эпигастрий аймағындағы ауыру мен жайсыздық), АІЖ жолы шырышты қабығының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы (бірқатар жағдайларда тесілумен және қан кетулермен асқынады); ашушаңдық, ауыз қуысы шырышты қабығының құрғауы немесе ауыздың ауыруы, қызыл иек шырышты қабығының ойық жаралануы, афтоздық стоматит, панкреатит, гепатит, бауыр трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы
  • ентігу, бронх түйілуі
  • естудің нашарлауы, құлақтағы шыңыл немесе шу, көру жүйкесінің қайтымды уытты невриті, көру арқылы қабылдаудың анық болмауы немесе диплопия, көздің құрғауы мен тітіркенуі, конъюнктива мен қабақтың ісінуі (аллергиялық генезде), скотома
  • бас ауыру, бас айналу, ұйқысыздық, үрейлену, жүйкенің тозуы және ашушаңдық, психомоторлық қозу, ұйқышылдық, депрессиялар, сананың шатасуы, елестеулер, сирек - асептикалық менингит (көбіне аутоиммундық аурулары бар емделушілерде)
  • жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе ушығуы, тахикардия, артериялық қысымның көтерілуі
  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі, аллергиялық нефрит, нефротикалық синдром (ісінулер), полиурия, цистит
  • тері бөртпесі (әдетте эритроматоздық, есекжем), тері қышымасы, ангионевротикалық ісіну, анафилактоидтық реакциялар, анафилактикалық шок, бронх түйілуі, қызба, мультиформалы экссудаттық эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермалдық некролиз (Лайелл синдромы), эозинофилия, аллергиялық ринит
  • анемия (соның ішінде гемолитикалық, апластикалық), тромбоцитопения мен тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз, лейкопения, қан кету уақытының ұзаруы
  • гипогликемия
  • қан кетулер (асқазан-ішектен, қызыл иектен, жатырдан, гемороидальді)
  • көрудің кемуі (түстерді танудың нашарлауы, скотома, амблиопия)

Особые указания к применению

Во время лечения необходим контроль картины периферической крови и функционального состояния печени и почек. При появлении симптомов гастропатии показан тщательный контроль, включающий проведение эзофагогастродуоденоскопии, анализ крови с определением гемоглобина, гематокрита, анализ кала на скрытую кровь. Для предупреждения развития НПВП-гастропатии рекомендуется комбинировать с препаратами простагландина E (мизопростол).

При необходимости определения 17-кетостероидов препарат следует отменить за 48 ч до исследования. Препарат содержит 16,7 мг сахарозы в 1 таблетке, и это должно быть принято во внимание при наличии у пациентов соответствующей наследственной непереносимости фруктозы, глюкозо-галактозного мальабсорбционного синдрома или дефицита сахарозы - изомальтазы.

Больные должны воздерживаться от всех видов деятельности, требующих повышенного внимания, быстрой психической и двигательной реакции. В период лечения не рекомендуется прием этанола. Для снижения риска развития нежелательных явлений со стороны ЖКТ следует использовать минимальную эффективную дозу минимально возможным коротким курсом.

С осторожностью
Цирроз печени с портальной гипертензией, гипербилирубинемия, язвенная болезнь желудка и 12-перстной кишки (в анамнезе), гастрит, энтерит, колит; печеночная и/или почечная недостаточность, нефротический синдром; хроническая сердечная недостаточность, артериальная гипертензия; ишемическая болезнь сердца, цереброваскулярные заболевания, дислипидемия/гиперлипидемия, сахарный диабет, заболевания периферических артерий, курение, хроническая почечная недостаточность (клиренс креатинина 30-60 мл/мин), наличие инфекции Helicobacter pуlori, длительное использование НПВП, алкоголизм, тяжёлые соматические заболевания, одновременный приём пероральных глюкокортикостероидов (в т.ч. преднизолона), антикоагулянтов (в т.ч. варфарина), антиагрегантов (в т.ч. клопидогреля), селективных ингибиторов обратного захвата серотонина (в т.ч. циталопрама, флуоксетина, пароксетина, сертралина), заболевания крови неясной этиологии (лейкопения и анемия).

Беременность и период лактации
Препарат следует применять в течение первого и второго триместра беременности только в случае крайней необходимости, противопоказан в течение третьего триместра беременности, в период лактации и в детском возрасте.

Особенности влияния препарата на способность управлять авто- транспортом и опасными механизмами
Пациенты должны воздерживаться от всех видов деятельности, требующих повышенного внимания, быстрой психической и двигательной реакции.
Емдеу кезінде шеткергі қан көрінісін және бауыр мен бүйректің функционалдық жай-күйін бақылау қажет. Гастропатия белгілері білінгенде эзофагогастродуоденоскопия жүргізу, гемоглобин, гематокрит анықталатын қан талдауы, жасырын қанға жасалған нәжіс талдауы қамтылатын мұқият бақылау көрсетілген. ҚҚСП-гастропатияның дамуын болдырмау үшін Е простагландині препараттарымен (мизопростол) біріктіру ұсынылады.

17-кетостероидтарды анықтау қажет болғанда зерттеуге дейін 48 сағат бұрын препаратты тоқтату керек. Препараттың құрамында 1 таблеткадағы 16,7 мг сахароза бар, бұл емделушілерде сәйкесті тұқым қуалаған фруктозаны көтере алмаушылық, глюкозо-галактозаның мальасорбциялық синдромы немесе сахароза-изомальтоза тапшылығы болғанда назарға алынуға тиіс.

Науқастар зейін арттыруды, жылдам психикалық және қозғалыс реакциясын талап ететін қызмет түрлерінің барлығын қоя тұруға тиіс. Емделу кезеңінде этанолды қабылдау ұсынылмайды. АІЖ тарапынан болатын ұнамсыз құбылыстардың даму қаупін азайту үшін мүмкіндігінше ең аз қысқа курста ең аз тиімді дозаны пайдалану керек.

Сақтықпен
Портальді гипертензиясы бар бауыр циррозы, гипербилирубинемия, асқазан мен 12-елі ішектің ойық жаралы ауруы (сыртартқыдағы), гастрит, энтерит, колит; бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігі, нефротикалық синдром; созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертензия; ишемиялық жүрек ауруы, цереброваскулярлық аурулар, дислипидемия/гиперлипидемия, қант диабеті, шеткергі артериялардың аурулары, шылым шегу, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин), Helicobacter pуlori жұқпасының болуы, ұзақ уақыт ҚҚСП пайдалану, алкоголизм, ауыр соматикалық аурулар, глюкокортикостероидтарды (соның ішінде преднизолон), антикоагулянттарды (соның ішінде варфарин), антиагреганттарды (соның ішінде клопидогрель), серотонинді кері қармайтын іріктелген тежегіштерді (соның ішінде циталопрам, флуоксетин, пароксетин, сертралин) бір мезгілде ішу арқылы қабылдау, этиологиясы белгісіз қан аурулары (лейкопения және анемия).

Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктіліктің алғашқы және екінші триместрі кезінде тек аса қажет болған жағдайда ғана қолдану керек, жүктіліктің үшінші триместрі кезінде, лактация кезеңінде және балалар жасында қарсы көрсетілімді.

Дәрілік заттың көлік құралдарына немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емделушілер зейін арттыруды, жылдам психикалық және қозғалыс реакциясын талап ететін қызмет түрлерінің барлығын қоя тұруға тиіс.

Дозировка и способ применения

Взрослые и дети старше 12 лет: 1 таблетка (400 мг), 2-3 раза в день. Максимальная суточная доза не должна превышать 1200 мг в день. Таблетку запивают стаканом воды (200 мл). Препарат нельзя применять более 7 дней или в более высоких дозах без консультации с врачом. Для снижения риска развития диспептических эффектов рекомендуется принимать препарат во время еды. У пациентов с нарушением функции почек, печени или сердца доза должна быть уменьшена.
Ересектер мен 12 жастан үлкен балаларға: 1 таблетка (400 мг), күніне 2-3 рет. Ең жоғары тәуліктік дозасы күніне 1200 мг-ден аспауға тиіс. Таблетканы бір стақан (200 мл) сумен ішеді. Препаратты дәрігердің кеңесінсіз көп жоғары дозаларда және 7 күннен артық қолдануға болмайды. Диспепсиялық әсерлердің даму қаупін төмендету үшін препаратты тамақтану кезінде қабылдау ұсынылады. Бүйрек, бауыр немесе жүрек қызметінің бұзылулары бар емделушілерде дозаны азайту керек.

Взаимодействие с лекарствами

Индукторы микросомального окисления (фенитоин, этанол, барбитураты, рифампицин, фенилбутазон, трициклические антидепрессанты) увеличи-вают продукцию гидроксилированных активных метаболитов, повышая риск развития тяжелых гепатотоксических реакций.

Фаспик снижает действие гипотензивных лекарственных средств (в т.ч. блокаторы медленных кальциевых каналов и ингибиторов ангиотензин-превращаю-щего фермента), натрийуретическую и диуретическую активность фуросе-мида и гидрохлоротиазида.

Фаспик снижает эффективность урикозурических лекарственных средств, усиливает действие непрямых антикоагулянтов, антиагрегантов, фибрино-литиков (повышение риска появления геморрагических осложнений), ульцерогенное действие с кровотечениями глюкокортикостероидов, колхицина, эстрогенов, этанола; Фаспик усиливает эффект пероральных гипогли-кемических лекарственных средств и инсулина.

Антациды и колестирамин снижают абсорбцию ибупрофена. Ибупрофен повышает концентрацию в крови дигоксина, препаратов лития и метотрексата. Кофеин усиливает анальгезирующий эффект ибупрофена.

При одновременном применении ибупрофен снижает противовоспалитель-ное и антиагрегантное действие ацетилсалициловой кислоты (возможно повышение частоты развития острой коронарной недостаточности у больных, получающих в качестве антиагрегантного средства малые дозы ацетилсалициловой кислоты, после начала приема ибупрофена).

При применении с антикоагулянтными и тромболитическими лекарствен-ными средствами (алтеплазой, стрептокиназой, урокиназой) одновременно повышается риск развития кровотечений.

Цефамандол, цефоперазон, цефотетан, вальпроевая кислота, пликамицин увеличивают частоту развития гипопротромбинемии.

Миелотоксичные лекарственные средства усиливают проявления гемато-токсичности препарата.

Циклоспорин и препараты золота усиливают влияние ибупрофена на синтез простагландина в почках, что проявляется повышением нефро-токсичности.

Ибупрофен повышает плазменную концентрацию циклоспорина и вероятность развития его гепатотоксичных эффектов.

Лекарственные средства, блокирующие канальцевую секрецию, снижают выведение и повышают плазменную концентрацию ибупрофена.
Микросомалық тотықтану индукторлары (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үш циклды антидепрессанттар), ауыр гепатоуытты реакциялардың даму қаупін арттыра отырып, гидроксилденген белсенді метаболиттердің өнімін көбейтеді.

Фаспик гипотензиялық дәрілік заттардың (соның ішінде баяу кальций өзектерінің бөгегіштері мен ангиотензинге өзгертуші фермент тежегіштерінің) әсерін, фуросемид пен гидрохлоротиазидтің натрийуретикалық және диуретикалық белсенділігін төмендетеді.

Фаспик урикозуриялық дәрілік заттардың тиімділігін төмендетеді, тікелей емес антикоагулянттардың, антиагреганттардың, фибринолитиктердің (геморрагиялық асқынулардың пайда болу қаупінің артуы) әсерін, глюкокортикостероидтардың, колхициннің, эстрогендердің, этанолдың қан кетулер болатын ульцерогендік әсерін күшейтеді; Фаспик ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық дәрілік заттар мен инсулиннің тиімділігін күшейтеді.

Антацидтер мен колестирамин ибупрофеннің сіңірілуін төмендетеді. Ибупрофен қандағы дигоксиннің, литий препараттарының және метотрексаттың концентрациясын арттырады. Кофеин ибупрофеннің тиімді жансыздандыру әсерін күшейтеді.

Бір мезгілде қолданғанда ибупрофен ацетилсалицил қышқылының қабынуға қарсы және антиагреганттық әсерін төмендетеді (ибупрофенді қабылдау басталғаннан кейін антиагреганттық дәрі ретінде ацетилсалицил қышқылының аз дозаларын алып жүрген науқастарда жедел коронарлық жеткіліксіздіктің даму жиілігі ұлғаюы мүмкін).

Антикоагулянттық және тромболитикалық дәрілік заттармен (алтеплаза, стрептокиназа, урокиназа) қолданғанда қан кетулердің даму қаупі бір мезгілде артады. Цефамандол, цефаперазон, цефотетан, вальпрой қышқылы, пликамицин гипопротромбинемияның даму жиілігін ұлғайтады.

Миелоуытты дәрілік заттар препараттың гематоуыттық көріністерін күшейтеді. Циклоспорин мен алтын препараттары ибупрофеннің бүйректегі простагландиндер синтезіне әсер етуін күшейтеді, бұл нефроуыттанудың жоғарылауымен көрініс береді.

Ибупрофен циклоспориннің плазмалық концентрациясын және оның гепатоуыттылық тиімді әсерлерінің даму ықтималдығын арттырады. Өзекшелік сөліністі бөгейтін дәрілік заттар ибупрофеннің шығарылуын төмендетіп, плазмалық концентрациясын арттырады.

Передозировка фаспиком в таблетках

Симптомы: абдоминальные боли, тошнота, рвота, заторможенность, сонливость, депрессия, головная боль, шум в ушах, метаболический ацидоз, кома, острая почечная недостаточность, снижение артериального давления, брадикардия, тахикардия, фибрилляция предсердий, остановка дыхания.

Лечение: промывание желудка (только в течение часа после приема), активированный уголь, щелочное питье, форсированный диурез, симптоматическая терапия (коррекция кислотно-основного состояния, артериального давления).
Белгілері: іш қуысындағы ауырулар, жүрек айну, құсу, мәңгіру, ұйқышылдық, депрессия, бас ауыру, құлақтағы шу, метаболикалық ацидоз, кома, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, артериялық қысымның түсіп кетуі, брадикардия, тахикардия, жүрекшелер фибрилляциясы, тыныс алудың тоқтауы.

Емі: асқазанды шаю (қабылдағаннан кейін бір сағат ішінде ғана), белсенділендірілген көмір, сілтілі сусын ішу, қарқынды диурез, белгілеріне қарай ем (қышқылды-негіздік жай-күйді, артериялық қысымды реттеу).

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

Всасывание: хорошо абсорбируется из желудка. При применении Фаспика® максимальная концентрация (Сmax) ибупрофена в плазме около 25 мкг/мл и 40 мкг/мл достигается в течение 20-30 минут после приема препарата натощак в дозе 200 мг и 400 мг соответственно.

Распределение: ибупрофен приблизительно на 99% связывается с белками плазмы. Он медленно распределяется в синовиальной жидкости и выводится из нее более медленно, чем из плазмы.

Метаболизм ибупрофен подвергается метаболизму в печени главным образом путем гидроксилирования и карбоксилирования изобутиловой группы. Метаболиты фармакологически неактивны.

Выведение: имеет двухфазную кинетику выведения. Период полувыведения (Т1/2) из плазмы составляет 1-2 часа. До 90% дозы может быть обнаружено в моче в виде метаболитов и их конъюгатов. Менее 1% выводится в неизмененном виде с мочой и, в меньшей степени, с желчью.
Сіңуі: асқазаннан жақсы сіңіріледі. Фаспик® қолданылғанда ибупрофен плазмадағы 25 мкг/мл және 40 мкг /мл-ге жуық ең жоғары концентрациясына (Cmax) препаратты, тиісінше, 200 және 400 мг дозада аш қарынға қабылдағаннан кейін 20-30 минут ішінде жетеді.

Таралуы: ибупрофен плазма ақуыздарымен шамамен 99 байланысады. Ол синовиальді сұйықтықта баяу таралады және одан, плазмадан гөрі, едәуір баяу шығарылады.

Метаболизмі: ибупрофен, негізінен, изобутил тобын гидроксилдеу және карбоксилдеу жолымен бауырда метаболизмге ұшырайды. Метаболиттері фармакологиялық тұрғыда белсенді емес.

Шығарылуы: екі фазалық шығарылу кинетикасын иеленеді. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) 1-2 сағат құрайды. 90 дозаға дейін несептен метаболиттер мен олардың конъюгаттары түрінде табылуы мүмкін. 1-дан азы өзгермеген күйде несеппен және аз дәрежеде өтпен шығарылады.

Фармакодинамика

Ибупрофен в виде соли L-аргинина - активное вещество препарата Фаспик® является производным пропионовой кислоты. Оказывает анальгетическое, жаропонижающее и противовоспалительное действие за счет неизбирательной блокады циклооксигеназы-1 и циклооксигеназы-2 и оказывают ингибирующее влияние на синтез простагландинов. Анальгезирующее действие наиболее выражено при болях воспалительного характера. Как все НПВП, ибупрофен проявляет антиагрегантную активность.
Фаспик® препаратының белсенді заты - L-аргинин тұзы түріндегі Ибупрофен пропион қышқылының туындысы болып табылады. 1-циклооксигеназаны және 2-циклооксигеназаны талғамай бөгеу есебінен ауыруды басушы, ыстық түсіруші және қабынуға қарсы әсер етеді және простагландиндер синтезіне тежегіш ықпалын тигізеді. Ауыруды басатын әсері қабыну сипатындағы ауырулар кезінде едәуір айқын. Барлық ҚҚСП сияқты, ибупрофен антиагреганттық белсенділік танытады.

Упаковка и форма выпуска

По 6 таблеток в контурной ячейковой упаковке из фольги алюминиевой. По 1 или 2 контурной ячейковой упаковке вместе с инструкцией по применению на государственном и русском языках вкладывают в коробку из картона.
Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 6 таблеткадан. 1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптамададан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.